Тәуелсіздік тұғырым
2021 жылғы 14 желтоқсан күні «Жалын әлеуметтік педагогикалық колледжі» Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновпен бекітілген Қазақстан Республикасының 30 жылдығын мерекелеуге арналған «Жұлдызды 30 күн» іс-шаралар жоспарына сәйкес Шымкент қаласы «Жалын әлеуметтік педагогикалық колледжі» Тәуелсіздік құрдастарымен «Жалын әлеуметтік колледжін» бітірген түлектермен кездесу өткізді.
Іс-шараның мақсаты: Тәуелсіздік құрдастарымен сұхбаттасу, олардың осы уақытқа дейін жеткен жетістіктері және қазір айналысып жатқан саласы жайлы сұхбаттасу. «Жалын әлеуметтік колледжін» тәмәмдаған бетке ұстар түлектерімен студенттер кездесіп, еркін форматта сөйлесті.