Қазақстанды әлемге танытқан
Сәкен Исмадиярұлы Бибосынов (1997 жылы 3 шілдеде туған)"Жалын" әлеуметтік-педагогикалық колледжінің түлегі — қазақстандық боксшы.Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында алтын жүлдеге ие болды.
Біздің колледжіміздің мақтанышы, Қазақстанды әлемге танытқан.
Сәкен Бибосынов ең жеңіл салмақта сынға түседі. Әуесқой бокста 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.